Дүйсенбіден бастап «Тобыл» тізгінін Омари Тетрадзе ұстады. Қазақстандық футболға қайта келген қызметкердің алдағы жоспарлары туралы аз-кем сұхбаттасқан едік. 
 
- Үстіміздегі жылдың басында «Енисей» командасынан кеткен уақытта «Тобылдан» ұсыныс түсіп пе еді?
- Мен ол командадан өз еркіммен кеттім. Бар болғаны осы. Ал "Тобыл" маған маусым басында, қараша айында ұсыныс жасаған-тын. Бірақ, ол кезде менің келісімшартым бітпеген еді. Сондықтан да оны бұзып, кете сала алмадым. 
- Қазір қостанайлық ұжымның жағдайы мәз емес, бұл ауыртпалықты жеңілдететін әлдебір жоспарларыңыз бар ма?
- Мүмкіндік бар, яғни үміт те жоқ емес. Алаңға шығып, өз ойынымызды көрсету ғана қалды. Ертең команда құрамымен танысамын. Талдап-саралайтын уақыт аз, себебі бізді "Ордабасымен" болатын ойын күтіп тұр. Барлығымыз біріксек, бұл қиындық та артта қалады.
- Басқа қандай анау айтарлықтай әдіс жасайсыз?
- Мықты шешім - алаңдағы шебер ойынымыз.
- "Тобылдың" Қарағандыда өткен ойынын көрдіңіз ғой, команданың әлеуеті қалай?
- Команданың құрамына, ойынына қарасам, жеңіске лайықты болды дер едім. Кез келген клубтың басында болады мұндай жағдай. "Тобыл" өз ойынын әлі көрсеткен жоқ. Футболда бәрі оңай емес. Бір ойында ұтылсаң келесі ойында жігіттердің сенімділіг жоғалады. Осындайда жинақылық, салқынқандылық маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта бізге жеңіс қажет. Болды.
- Сіздің мансабыңызда дәл осындай жағдай кездесті ме: Команданың көздеген нәтижеге жетуге мүмкіндігі бар, дегенмен аз.
- Ондай әрине, болды. Мәселен, «Енисей» мен келген кезде 14 турда 14 ұпайға ғана қол жеткізген. Турнирлік кестеде 16 орында тұрды. Ал маусымды 8-10 орындармен аяқтадық. Жігіттерге жігер бердік дер уақытында. Соның нәтижесінде біздің бағымыз жанды. Тіпті мықты үш футболшы командадан кетті. Олар: қақпашы Шелия, қорғаушылар Гультяев және Чернов. Жаңа ойыншыларды алған жоқпыз. Құрамда әр шепке таңдайтын ойыншылар болды. Сол секілді оқиға "Тобылда" да қазір. Мықты ойыншылар бар, ал нәтижемен мақтана алмаймыз.
- Трансферлік кезең ашылғалы тұр. Өзіңізге қажет деп тапқан өзгерістерді айтыңызшы?
- Кімді аламыз құрамға? Міне осы сұрақ күн тәртібінде. Әрине жаңа ойыншылар командаға жан бітіреді. Бір жағынан бәсекелестік те рөл атқарады. Әзірше клубта бар ойыншылармен жұмыс істейміз, арғы жағын көре жатармыз.
- Сіз бүгін қосалқы құрамға бардыңыз. Бұл …
- Мен «Жетісуде» қызмет еткенде де, жастардың қадамын бақылап отыратынмын. Сондай-ақ, Красноярда да осы жағдай болды. Әр жерде де жергілікті жастардың болашағы туралы ойлауымыз керек. Мен принципшіл адам емеспін. Командада басшылықтың талабын орындайтын аяқдопшылар ойнауы керек. Сондықтан да дубль тынысына назар аударғанымыз жөн. Мүмкіндік болып жатса, оларды негізгі құрамға тартамыз. 
- Сізге көмектесу үшін "Тобыл" бапкерлігіне тағы кімдерді шақырғыңыз келеді?
- Физикалық дайындық бойынша Трубицын Сергей және Вялых, қақпашылар бапкері Зайцевті - бұлармен бірге жұмыс істеп жүрмін. Әлі келіссөздер жүріп жатыр.
- Сырт жақта жүріп қазақстандық футболды бақыладыңыз ба?
- Баспасөз бен ғаламтор арқылы ғана біліп отырдым. Мен аса оптимистпін. Бүгінгі күнмен өмір сүру қажет. "Тобыл" тізгінін ұсынды - бұл мен үшін абырой. Осы ретте «Астана», «Қайрат» секілді командалармен иық тірестіре алатын команда жасақтауды мақсат еттім. 
- Мұны уәде беру деп қабылдаған жөн бе?
- Уәде беріп қойып, кейін оны орындай алмай қалсам ше? "Шахтерден" ұтылған соң да жағдай одан әрі қиындап кетті. Алаңға шығып, жеңіске жетуге тырысамыз. Осыған уәде бере аламын. Алғашқы алтылықтан әлі де үміттіміз.
 
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі