«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук алматылық клубпен биыл ел чемпионатын ұтып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққысы келетінін айтты. 

 «Алматыда бәрі жақсы. Кездесулер өте жиі өтуде. Мақсатым – Қазақстан чемпионатын жеңу және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу. «Қайрат» әр жарыста бірінші болғысы келеді» , - деді Тимощук ФИФА-ның ресми сайтына.