Елордалық «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов ел біріншілігінің 13-туры аясында «Ақтөбемен» өткен ойын турасында пікір білдірді.
 
- Мен бүгін ойыншыларымның жеңіске деген жігерлеріне, мінездеріне ризамын. Біздің бірнеше рет гол соғатын мүмкіндіктеріміз де болды, бірақ мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Жеңіске жеткеніміз сондай жақсы болды. «Ақтөбе» ұжымдасып ойнай білді, өзінің қақпасы мен қорғанысын жақсы қорғап тұра білді. Біз қақпа кілтін көпке дейін аша алмадық, ақырында дегенмізіге жеттік. 
 
- Юрий Логвиненкоға бүгін Жанкүйерлер тарапынан соншалықты қысым болады деп ойладыңыз ба? Және, «Ақтөбенің» бес қорғаушымен ойнағандығына қаншалықты дайын болдыңыз? 
 
- Мен үшін, біздің команда үшін біздің қарсыласымыздың қалай ойнайтындығы маңызды емес. Әркім өз ойынын өзі құрады. Ойын басталған беттен, біз өз ойыншыларымызға бірден керекті нұсқаулар берпі үлгердік. Біздің команда бес, тіпті алты қорғаушысы бар қарсыластың кілтін таба білуі тиіс. Ал Юрий Логвиненкоға келер болсақ, мен Жанкүйерлердің не себепті ондай мінез көрсеткенін түсіне алмадым. Ол Қазақстан құрамасының ойыншысы, ол Қазақстандағы ең үздік ойыншылардың бірі. Керісінше, Юраны қошеметпен қарсы алу керек. Юра бүгін өте жақсы ойнады, өзінің жоғары деңгейлі ойыншы екенін көрсетті. Бүгін бәрі Юраның жақсы ойнағанын, алаңда сапалы ойнағанын көрді. Келесіде Жанкүйерлер өз ойларынан айнып, Логвиненконы қошеметпен қарсы алады деп ойлаймын. 
 
«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі