«Ақжайық» ФК бас бапкері Талғат Байсуфинов «Қайратқа» қарсы матчтан кейін өз пікірімен бөлісті.

– Жанкүйерлерге ойын ұнады деп ойлаймын, соңғы секундқа дейін тартысты өтті. Жігіттер есепті сақтау үшін ойнамасын деп үзілісте бір сілкіндіріп алып, екінші таймға дайын шығатындай қылуға тура келді. Солай болды, бірақ соңында күш жетпей қалды. «Ертіс», «Қайрат» - көшбасшыларға қарсы ойындар көп күшті алады. Өз ойыншыларымды ниеттері үшін, беріле ойнағандары үшін, екі гол соққандары үшін мақтадым. Мүмкіндіктер болды, жарады.