Қостанайлық «Тобыл» клубының бас бапкері міндетін атқарушы Олег Лотов ел біріншілігінің 13-туры аясында «Шахтермен» өткен ойын турасында пікір білдірді.
 
- Алдымен, қарсыласымыз «Шахтерді» жеңістерімен құттықтағым келеді. Біз бұл жеңілісіміз арқылы жағдайды қиындатып алдық. Ойынға келетін болсақ, Қостанайға барған соң саралап, кемшін тұстарымызды бақылайтын боламыз. 
 
- Жазғы ауыс-түйіс кезінде "Тобыл" командасына жаңа ойыншылар келе ме?
 
- Бұған басшылық жауап берсін
 
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі