Қарағандылық «Шахтер» клубының бас бапкері Йозеф Вукушич ел біріншілігінің 13-туры аясында «Тобылмен» өткен ойын турасында пікір білдірді.
- Екі жақ та жақсы ойын өрнегін көрсетті. «Тобыл» мықты ойыншылардан жасақталған. Біз алаңның орта тұсындағы ойынға аса мән бердік. Сондай-ақ, қарымта шабуылға жиі шығуды көздедік. Бізде жылдам ойыншылар бар. Олардың көмегімен бірінші таймда есеп аштық. Ең бастысы, жеңіске жеттік.
- Жақында трансферлік кезең басталады. Шабуыл шебін күшейту жоспарда бар ма?
- Қазір біз бір легионердің көмегіне жүгіне аламыз. Құрамның әр шебін күшейтуге болар еді. Дегенмен, алдағы уақытта көрерміз.
- Никола Васильевич пен босниялық шабуылшы Марко Обрадович "Шахтер" назарына ілігіпті. Бқл қаншалықты рас?
- Растай алмаймын. Тек Василевичке қызыққанымыз рас. Бұл футболшы біздің команданы күшейте алады.
- Бүгінгі Деслей Уббинктің ойынына қандай баға бересіз?
- Деслей жылдам футболшы. Оның көмегімен біздің команда қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білді. Ол бізге аса қажет футболшы.
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі
Комментарии