Талдықорғандық клубтың шабуылшысы соққан кезекті гол «Ордабасының» өз алаңындағы жеңіліссіз сериясын тоқтатты.

Матч 1:0 есебімен «Жетісудың» пайдасына аяқталды. Ойындағы жалғыз голды Душан Савич соқты. 11-минутта алаң иелері қолдан офсайд жасағысы келген. Нәтижесінде Серік Сағындықов қорғаушыларды артқа тастап, Душан Савичке пас қалдырды. Соңғысы бос қақпаны дәл көздеді.

Осылайша, «Ордабасы» үшінші орынға көтерілетін мүмкіндікті пайдалана алмады – 20 ұпай. Ал «Жетісу» болса, 15 ұпаймен уақытша жетінші орынға көтерілді.  

«Ордабасы» 0:1 (0:1) «Жетісу»

«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто (Бейсенов 66), Касалица (Трифунович 61), Симчевич (Төлебек 52), Трайкович, Абдулин, Нұрғалиев, Сүйімбаев, Тұңғышбаев, Қожабаев;

«Жетісу»: Пасеченко, Кадио, Джалович, Клайн, Моисов, Савич, Симоновски (Калинин 56), Сағындыков (Азовский 72), Әмірсейітов, Шабаев, Тұрысбек;

Гол: Савич 11