«Марсель» футбол клубы «Астананың» сербиялық жас ойыншысы Неманья Максимовичге қызығушылық танытуда.

Сербиялық B92.net сайтының мәліметтеріне сүйенсек, 21-жастағы футболшы франциялық ұжымға жазда ауысуы мүмкін. «Марсель» басшылығы Максимовичтің трансфері үшін «Астанаға» 7 миллион еуро ұсынуға дайын.