Мадридтік «Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеоне Чемпиондар лигасының финалындағы «Реалмен» өткен ойын жайлы өз пікірін айтты.

«Реалды» жеңіспен құттықтаймын. Ойынды сәтсіз бастадық, соның кесірінен гол жіберіп алдық. Қатарынан екі финалда ұтылу – өте өкінішті. Футболда әділеттілік жоқ, кім мықты сол жеңіске жетеді. Демек, бүгін «Реал» жеңіске лайық болды», - деді аргентиналық маман.

Естеріңізге сала кетсек, кеше түнде мадридтік «Реал» пенальти сериясында «Атлетикодан» басым түсіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.