Қазақстан құрамасы мен елордалық «Астана» клубының ойыншысы Асхат Тағыберген бұрынғы командасы «Ақтөбеден» 17 миллион теңге қарызды өтеуді талап етуде.

fanatik.kz сайты Асхат Тағыбергеннің Ақтөбе қалалық сотына берген арызын жария етті. Белгілі болғандай, «Ақтөбе» командасы Ұлттық құраманың ойыншысына 17 349 320 теңге қарыз.