УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық матчын қазақстандықтар ОҢ ТВ телеарнасынан көре алады.

Мадридтік клубтар «Реал» мен «Атлетиконың» кездесуі Астана уақытымен 00:45-те басталады. Бірақ ОҢ ТВ арнасының бағдарламалар кестесінде трансляция 23:50-де бастау алады.

Естеріңізге сала кетсек, «Атлетико» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде елордалық «Астанамен» бір топта ойнаған болатын.