Австрияның Вельс қаласында өткен жолдастық кездесуде Словакия құрамасы Грузиядан айласын асырды.

Матч 3:1 есебімен аяқталды. Словакия сабында «Қайраттың» қорғаушысы Лукаш Тесак матчты толық ойнады. Ал 56-минутында оның пасынан кейін Адам Немец көзге түсті.

Айта кетейік, Грузия құрамасын «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Владимир Вайсс жаттықтырады.