«Қайрат U-14» «Футбол достық үшін» турнирінде алғашқы матчтарын өткізді. Бұл туралы «Қайраттың» баспасөз-қызметі мәлім етті.

32 команда 8 топтқа бөлінген болатын. Қайраттықтар Жапония, Түркия және Сербия футболшыларымен бір топқа түсті.

Қазақстандықтар барлық матчында да жеңген де жоқ, жеңілген де жоқ. Олар үш матчтың үшеуінде де бірдей есеппен тең тарқасты – 2:2. Құсайынов өз еншісіне төрт гол жазса, қалған екеуін Эфенди соқты.

Назарларыңызға қайраттықтардың Миландағы алғашқы күніне арналған видеоны ұсынамыз.