Юрмалалық «Спартак»-та ойнайтын қазақстандық ойыншы Ринат Хайруллин Латвия чемпионатында өзінің алғашқы голын соқты. 
 
Бұл матч «Даугавпилспен» тоғызыншы турда болды. Хайруллин 40 минуттан кейін ойын есебін ашты, ақыр соңында матч 0:2 есебімен аяқталды. Қазақстандық футболшы ойынның 79-шы минутында ауыстырылған болатын. 
 
Турнирлік кестеде «Спартак» тоғызыншы турдан кейін 19 ұпаймен екінші орында тұр.