«Севильяның» бапкері Дмитрий Черышев ресми түрде командадан кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.

«Ертістің» бұрынғы бас бапкері енді ресейлік футболда өзіндік жұмыс атқаратын болады. Өткен маусымда 47 жастағы маман Унаи Эмериге көмектескен болатын, сондай-ақ, жартылай қорғаушы Евгений Коноплянкамен жеке жұмыс істеді. «Севильямен» бірге Черышев Еуропа лигасын жеңіп алды.

Айта кетейік, Дмитрий Черышев қазір Мәскеуде жүр.