Мадридтік «Атлетиконың» шабуылшысы Фернандо Торрес Чемпиондар лигасының финалдық ойыны туралы пікірімен бөлісті. Ертең «Атлетико» Миланда «Реалға» қарсы ойнайды.

«Мен «Челси» және Испания құрамасымен жүлделер жеңіп алғанмын, бірақ бұл ерекше жағдай. Бізде «Атлетиконың» жаңа тарауын жазатын мүмкіндік болып тұр. Сирек болатын мүмкіндік. Маған өз арманымды орындайтын мүмкіндік туды. Мен мұны бала кезімнен қалағанмын. Ертең, күмәнсіз, өмірімдегі ең маңызды матч болады», - деді Торрес.

Естеріңізге сала кетсек, «Атлетико» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Астанамен» бір топта ойнаған болатын.