Швейцариялық «Цюрихтің» шабуылшысы Александр Кержаков «Советский Спорт» басылымына берген сұхбатында мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастырмайтынын айтты.
– Демалыс алдыңыз ба?
– Жоқ әлі, болашағымды шешіп алайын алдымен.
– Аршавинмен сөйлесіп жүрсіз бе?
– Иә, соңғы рет Қазақстанда екі гол соққаннан кейін сөйлескенбіз.
– Мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруыңыз мүмкін бе?
– Бұл туралы ойлап жүрген жоқпын. «Зенитке» қайта оралғым келеді. «Цюрихте» ұлттық құрамаға іліну үшін ойнаған болатынмын, - деді Кержаков.
Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда «Қайраттың» намысын «Зениттің» бұрынғы ойыншылары Андрей Аршавин мен Анатолий Тимощук қорғайды.
Комментарии