Футболдан ел Премьер-лигасының 20-турындағы «Оқжетпес» пен «Жетісу» матчы кейінге шегерілді.

ҚКФЛ-на «Оқжетпес» футбол клубынан өтініш түскен, көкшетаулық команда талдықорғандық «Жетісумен» ойынды кейінгі ауыстыру туралы келісіп қойды.

Осыған байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 20-турдағы «Оқжетпес» пен «Жетісу» матчын 2016 жылдың 9 шілдесінен 10-ына ауыстырды