Сhampionat.com басылымының мәліметтеріне сүйенсек, мәскеулік «Динамо» Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Юрий Красножанмен келіссөздер жүргізуде.   

Сонымен қатар, мәскеулік команда «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Александр Бородюкке қызығушылық танытуда. 

Естеріңізге сала кетсек, «Динамо» биылғы маусымның қорытындысы бойынша Ресейдің Бірінші лигасына ұшып кетті.