Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы қақпашысы Валерий Фомичев Белорусь кубогының финалында басты қаһарман атанды.

Кубоктың ақтық матчында БАТЭ мен Фомичев қақпасын қорғайтын «Торпедо-БелАЗ» командалары кездесті. Матчтың негізгі және қосымша уақыттарында есеп ашылмады – 0:0. Ал ойыннан кейінгі пенальтиде «Торпедо-БелАЗ» ойыншылары жеңіске жетті. Валерий Фомичев болса, үш пенальтиді кері қайтарып, клубқа өз тарихында тұңғыш рет Белорусь кубогын алып келді.