Футболдан ел Кубогының ширек финалында «Астана» «Қызыл-Жар СК» клубына қонаққа барып, жеңіске жетті.  

Бірінші лига командаларынан жалғыз қалған «Қызыл-Жар СК» да жарыс жолынан шығып қалды. Өз алаңында ел чемпиондарын қабылдаған олар «Астана» қақпасына екі гол соқты. Бірақ өз қақпаларына үш гол жіберіп алды. 33-минутта Джордже Деспотович қонақтарды алға шығарған, 65-минутта өз командасының екінші голын соқты. Араға төрт минут салып, Бурцев есеп айырмасын қысқарта алды. Бірақ Асхат Тағыберген «Астананың» үшінші голын соқты. Ал кездесу аяқталар тұста Ступич көзге түсіп, ойынның нүктесін қойды – 2:3.

«Қызыл-Жар СК» - «Астана»: 2:3 (0:1)
 
«Астана»: Мокин, Постников, Деспотович (Логвиненко 78), Абдурахими, Аруна, Бейсебеков, Гурман, Шаихов (Аничич 95), Наджарян (Мұжықов 82), Щеткин, Тағыберген
 
«Қызыл-Жар СК»: Калмыков, Соколенко, Сұлтанов, Аверченко (Перцух 81), Аитов, Байжанов (Алиев 62), Бурцев, Сапаргалиев, Хичри, Ступич, Струков (Мульдинов 75)
 
Голдар: Бурцев 69, Ступич 80 – Деспотович 33, 65, Тағыберген 74