Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы капитаны мен «Қайраттың» ойыншысы Андрей Аршавин ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында, «Оқжетпеспен» өткен ойын және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу үшін не істеу қажет екенін айтты.  

- «Оқжетпестің» қақпасына соққан екі голыңыз құтты болсын. 

- Рахмет, мен өте қуаныштымын.

- Сізді екінші таймда алмастырды. Ойынды соңына дейін өткізуге әлі дайын емессіз бе?

- Өзімді жақсы сезінудемін. Бірақ оң аяғым кішкене ауырады. Жалпы, бәрі жақсы.   

- «Зениттің» кездесулерін бақылап жүрсіз бе?

- Соңғы турда «Динамоның» кездесуін көрдім. Олардың премьер-лигада қалу-қалмауы қызығырақ болды.

- Юрий Жирков пен Александр Кержаков Ресей құрамасының Еуропа чемпионатына тізіміне ілінбеді. Бұл туралы не ойлайсыз?

- Бұл бапкерлік құрамның ресми шешімі. Мен ештеңе айта алмаймын. 

- Ресей құрамасына қайта оралу мақсатыңыз болды ма?

- Жоқ.

- Еуропа чемпионатындағы Ресей құрамасының ойындарын тамашалауға барасыз ба? 

- «Қайрат» бұл уақытта өнер көрсетеді, сондықтан мұндай мүмкіндік болмайды.  

- «Қайрат» қазіргі ойынымен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға алады ма? 

- Еуропа лигасы мен ел чемпионатының кездесулері әртүрлі. Бізге қорғанысты күшейту қажет. Менің ойымша, бұл қорғаныспен Еуропа лигасында ойнауға дайын емеспіз.  

- «Оқжетпеспен» өткен ойында командаңыз шабуылда көп ойнады...

- Маған «Оқжетпестің» ойыны ұнады. Басқа командалардан гөрі, олар футболды қалай ойнау керек екенін біледі. Бізге қарсы қорғаныста ойнаулары қажет еді. Қарымта шабуылда мүмкіндік іздеп. Екінші голдан кейін олар психологиялық тұрғыда «шашылды». Біз болсақ өз сәттерімізді ұтымды пайдаландық. 

 

- Сіздің айтқан сөздеріңіз дәл келуде: ойында бәрін бірінші гол шешеді... 

- «Оқжетпеспен» өткен ойында екінші гол бәрін шешті. Қарсылас команда айып соққыларға үміт артты. Бірақ есеп 2:0 болғаннан кейін олар жеңе алмайтынын түсінді. 

- Ұзақ уақыт бойы пенальтиді кім орындайтынын шеше алмадыңдар. Неліктен?

- Негізі, Исламхан пенальтиді орындайды. Жерар Гоу гол соққысы келді, сондықтан он бір метрлік соққыны өзі орындамақшы болды. Бірақ Жерар өз голдарын кейінірек соқты.