«Қайраттың» қорғаушысы Ермек Қуантаев ProsportKz.kz тілшісіне «Оқжетпеспен» өткен ойын жайлы айтып берді.
- Бұл кездесуден кейін босаңсуға болмайды. Жеңісті сериямызды жалғастыруымыз қажет. Бұл біздің бірінші ірі жеңісіміз. Біз қуаныштымыз. Енді қателесуге болмайды, тек алға ұмтылу керек.
- Үзілісте бас бапкер қандай нұсқау берді?
- Өз ойынымызды ойнап, шабуылдауымызды сұрады.
- Ірі есеппен жеңістің себебе неде?
- Бар мүмкіндігімізді ұтымды пайдаландық.
- Стадионға жанкүйерлер аз жиналды, соған қарамастан олар қызу қолдау көрсетті.
- Бұдан да көп жанкүйерлер келуі керек еді, бәлкім митинг үшін аз жиналды.
Комментарии