Түркиялық «Генчлербирлиги» «Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Ренан Брессанға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды f5haber.com.

Биылғы маусымды Брессан «Риу Аве» сабында өткізіп, 25 матчта 6 гол соққан болатын. Сондай-ақ, беларусьтік ойыншының португалиялық ұжыммен келісімі аяқталды. Осылайша, түркиялық «Генчлербирлиги» Ренанды өз қатарына қоспақшы.