«Реймс» футбол клубының жартылай қорғаушысы Джаба Канкава алматылық «Қайратқа» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Worldsport.ge.

Естеріңізге сала кетсек, франциялық клубтың президенті грузиялық футболшымен қош айтысатынын мәлімдеген болатын. Жақында белгілі болғандай, алматылық «Қайрат» Джабаға қызығушылық танытып жүр.