Қарсыласынан 1:44 есебімен жеңілген эквадорлық футбол командасы дивизионнан шығарылды, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Үлкен есеп айырмасымен жеңіліс тапқан Indi Native командасы турнирде небәрі үш апта өнер көрсеткен екен. Жергілікті тұрғындардан құралған бұл команда Pelileo клубымен кездескенге дейін бірнеше ойын өткізіпті. Дегенмен олар соңғы қарсыластың 44 соққысын қақпаға жіберіп алды.