Sky Sports басылымының хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» пен Жозе Моуриньоның арасында келісім-шарттың талаптары өзара келісілді.

Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, екі тарап үш жылдық келісім-шарт жасасып, португалиялық маманның жалақысы белгіленді.

Естеріңізге сала кетсек, аптаның басында Луи ван Гал «қызыл сойқандар» сабынан ресми түрде кеткен болатын. ал Моуриьно былтыр желтоқсанда «Челсиде» өз орнын босатқан еді.