«Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Бобир Давлатов ел біріншілігінің 12-ші турында «Таразға» қарсы кездесуде жарақат алып, ота жасатты.
 
Бобир Давлатов үшінші турда «Астанамен» болған ойында Каньяспен соқтығысып қалып, ауыр жарақат алған еді (байлам жарақаты). Содан бері жарақатын жазып келген Бобир, сенбінің кешінде алғаш рет алаңға шыққан. Ойыншы көп уақыт бойы жасыл алаңға шықпаса да, алаңнан кеткенге дейін матчың үздік ойыншыларының бірі болды. Сол ойында «Тараз» ойыншысы Евстигнеевпен қақтығысып қалған Бобир, иығын сындырып алды. 
 
Кеше қаламыздың емханаларының бірінде Бобирге ота жасалды. Бәрі де сәтті аяқталды. Енді ойыншының қайта қалпына келу мерзімінен өтпек.

Бобир Давлатов