«Манчестер Юнайтед» ресми түрде Луи ван Галмен келісімшартты бұзды.

Бұл туралы «қызыл сойқандардың» ресми сайтынан белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, голландиялық маман МЮ-ді осыдан екі жыл бұрын қолға алған болатын. Екі жыл ішінде Луи Ван Гал манчестерлік клубпен Англия кубогын жеңді. Биылғы маусымда «Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатында бесінші орын алды.

Жаңа бас бапкердің есімі жақын күндері белгілі болады. Ван Галдың орнын Жозе Моуриньо басады деп күтілуде.