«Ертістің» футболшылары Григорий Сартақов пен Владимир Воменко Қазақстан жастар құрамасына шақыртылды.  
 
Бұл туралы керекулік клубтың ресми сайтынан белгілі болды. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан жастар құрамасы 2017-ші жылы өтетін Еуропа чемпионатына дайындық барысында маусымның 3-і мен 8-і аралығында Шымкентте ОЖЖ өткізеді.