Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Бас хатшысының орынбасары Маркус Каттнер өз қызметінен кетті.

Ұйым ішінде жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша Каттнер тарапынан бірнеше заң бұзылғаны анықталды. Бірақ оның қандай қателік жібергені туралы нақты мәлімдеме жасалынбады. 

«ФИФА қандай да бір ақпаратқа қатысты нақты түсініктеме беруден бас тартады», делінген хабарламада