Андрей Аршавин «Қайраттың» қорғанысын сынға алса, Йозеф Вукушич кейбір футболшылармен қош айтысуға дайын екенін айтты, сондай-ақ Станимир Стойлов Қазақстан-Қытай кездесуінің өтеуіне қарсы екенін мәлімдеді.  

Йозеф Вукушич, «Шахтердің» бас бапкері:

- Бұл кездеуден кейін («Жетісуға» қарсы ойын) матч пен ойыншылардың ойынын мұқият зерттеу қажет. Қай футболшылармен қызметті ары қарай жалғастыруға болатынын анықтаймыз. 

Қуаныш Бегалин, «Ақжайықтың» шабуылшысы:

- Біздің басты проблемамыз - жарақат алған ойыншылар. «Ертіске» қарсы ойынға небәрі 16 фуболшы барды, бұған қоса Говедарица қызыл қағаз алды. Аматыдағы ойын бұдан қарағанда жеңілірек болатын сияқты. 

Аслан Дарабаев, «Қайраттың» жартылай қорғаушысы: 

- ҚФФ бізге қысым жасай берсін, бізге бәрібір. «Қайрат» сынды команда үнемі жұрттың назарында. Төрешілер жайлы ештеңе айта алмаймын, ал қарсылас командалар бізге қарсы ойынға екі есе артық дайындықпен шығады.  

Станимир Стойлов, «Астананың» бас бапкері:  

- Қазіргі таңда, Қазақстан құрамасының бас бапкері жоқ. Еуропалық іріктеу турниріне Қытайдың қандай қатысы бар? Өзбасым, ойыншыларымды Ұлттық құрамаға жібермес едім.  

Андрей Аршавин, «Қайраттың» жартылай қорғаушысы: 

- Қазақстан чемпионаты мен Еуропа лигасының ойындары әртүрлі болады. Қорғаныстағы ойынды күшейту қажет, әзіргі біздің қорғанысымыз Еуропа лигасында ойнауға дайын емес.