Аргентиналық «Сан Хорхе де Вилья Элиса» командасының ойыншысы Микаэль Фавре матч кезінде алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Футболшы ойын кезінде басынан жарақат алады. Артынша қос команданың ойыншылары арасындағы төбелес орын алып, жаға жыртысады. Осы кезде Фавре қайта соққы алады. Футболшыны дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алған жоқ.