Каталониялық «Барселона» Испания кубогының иегері атанды.

Финалда Луис Энрике шәкірттері Еуропа лигасының жеңімпазы «Севильямен» кездескен. Унаи Эмери командасы ел чемпиондарымен матчта лайықты қарсылас көрсете алды.

Матчтағы алғашқы гол овертаймда ғана соғылды. 97-минутта Мессидің пасынан кейін Альба қанжығасын майлады. Ал кездесу аяқталар тұста Неймар ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 2:0.