«ПСЖ» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович Франция Кубогының финалында «Марсельді» (4:2) жеңгеннен кейін Eurosport.com сайтына париждік жанкүйерлерді сағынатынын жеткізді.
 
«ПСЖ-ның» қазіргі құрама өте мықты. Соңғы үш жылда біз толағай табыстарға жеттік. Мен бұл команданы сағынатын боламын. Мансабымдағы ең үздік маусымымды өткіздім. 34 жасымда 50 гол соқтым. Алайда бұл жәй ғана жаттығу болатын!», — деді Ибрагимович.
 
Айта кетейік, 34-жастағы Швеция құрамасының шабуылшысы ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін «ПСЖ» сапынан кететіндігін мәлімдеген болатын.