«Астананың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Kazfootball.kz сайтына «Ордабасымен» өткен кездесу жайлы және алдағы Қытайға қарсы ойын туралы айтып берді.  

— «Ордабасыға» қарсы матч біз үшін ауыр болды. Атырауда жеңілген соң бұл ойынға өте тыңғылықты дайындалдық. Әділетті жеңіске қол жеткіздік деп ойлаймын. Үш ұпай алғанымызға қуаныштымын.   

— «Астана» — сіз үшін жаңа команда, жаңа қала... 

— Иә, «Астана» — өте мықты команда, Қазақстандағы ең үздік командалардың бірі. Маған мұнда бәрі ұнайды, ұзақ мерзімге дейін осында қалғым келеді. 

— Қазақстан құрамасы алдағы уақытта Қытаймен жолдастық кездесу өткізеді. Қарсылас команда жайлы не айта аласыз?

— Қытай құрамасымен бірінші рет ойнайық деп жатырмыз. Олардың мықты команда екенін білеміз. Бұйыртса, 7-ші маусым күні бар күшімізді салып, қолайлы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын. «Астанамен» Дубайдағы оқу-жаттығу жиынында болғанында бір қытайлық клубпен ойнағанбыз. Өте жақсы ұжым болатын.