Италия чемпионы «Ювентус» ел кубогының финалында «Миланды» ұтты.

Кездесу өте тартысты өрбіді. Қос команда гол соғатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Осылайша, негізгі уақытта гол соғылмады. Ал овертаймда алаңға тыңнан қосылған туриндік клубтың шабуылшысы Альваро Мората Гуадрадоның әдемі пасынан матч тағдырын шешті. Осылайша, «Ювентус» «алтын» дубль жасады (Чемпионат пен кубокты жеңіп алды).

Италия кубогы. Финал

«Ювентус»-«Милан» - 1:0

Гол: Мората 110