«Қайрат» клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе ел біріншілігінің 12-ші туры аясында «Оқжетпеске» қарсы өткен кездесу туралы пікірімен бөлісті. 

- Әрине, мұндай ойыннан жанкүйерлер де, футболшылар да ләззат алады. Кейде осындай ойыннан қорқасың, өйткені өте көп гол соқтық, бәрін жасадық. Құдай қалап, алдағы уақытта да осылай жалғаса берсін. Футболшыларға алғыс айту керек, өйткені олар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, әдемі футбол ойнады. Бүгінгі ойынды ұмытып, алдағы кездесулер жайлы ойлау керек деп қайталап айтамын. Қазақстан Кубогы кездесуіне кейбір футболшылар жарақатына байланысты қатыса алмайды, ал енді біреулеріне демалыс қажет. Футбол – жанкүйерлерге арналған ойын. Оларға ойын ұнап, үлкен ләззат алды деп ойлаймын.