«Тобыл» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы Олег Лотов «Атырауға» қарсы ойын туралы өз пікірін білдірді.

- Мүмкіндіктерді мүлт жіберіп жатамыз. Содан кейін жігіттердің психологиясы сыр береді. Ойынды қайта қарап, талдайтын боламыз. Менің ойымша, барлығы өздеріне байланысты.

- Екінші голдың кіруіне кім айыпты?

- Бейнешолуды қарау қажет. Қазір айта алмаймын.

- Бапкердің ауысуы қаншалықты әсер етті?

- Бұл әр командаға әсер етеді. Дегенмен, бізде әр ойын сайын бапкер ауыспайды ғой. Ойында асығыстық танытып жатамыз. Осыдан соң қателіктер туындайды.