«Тараз» ФК бас бапкері Юрий Максимовтың «Ақтөбеге» қарсы матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында ойын туралы өз пікірін айтты. Бұл туралы «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі мәлім етті. 

- «Ақтөбені» ұту біз үшін қиын шаруа, себебі «Ақтөбе» мықты командалардн саналады. Біз допты төменде ойнатып, ойынымызды ретке келтіре алдық. Әрине, соңғы екі минутта беймаза күй кештік. Пенальти болды, 50 де 50-ге келіңкірейді.Уайымдайтын ештеңе жоқ, бастысы жігіттердің ойынына риза болдым. Олар соңына дейін шыдас бере алды. Біздің құрамада бес жас ойыншы шықты. Ауыстырар ойыншылар қат болды, қазіргі қиын жағдайдан шығу үшін әрі қарай жылжи бермекпіз. Бастысы, біз бүгін ұтылған жоқпыз, себебі психологиялық тұрғыдан алғанда біз үшін маңыздысы осы. - Қарсыластың ойынын қалай бағалайсыз?- «Ақтөбе» ойнай білетін команда. Біз олардың ойындарын талдағанбыз. Көрермендер команданы алға жетелейді. Мен нәтижеге қанағат білдіремін. Бәрінен бұрын мен өз жігіттеріме риза болдым, олар жанкүйерлердің және қарсыластың қысыма төтеп бере алды.- Жанкүйерлер жайлы не айтасыз? Стадиондағы атмосфера қалай? - Шынымды айтсам, осындай стадионда ойнау, жанкүйерлердің осындай қолдауы маған ұнады. Барлық стадиондар да осындай жанкүйерлерге тола берсін.