Футболдан ел чемпионатының 12-турында «Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» қабылдады.

Бірінші тайм бойы алаң иелері шабуыл жасағанымен, есепті тараздықтар ашты. 38-минутта Виталий Евстигнеевтің алыстан бағыттаған жойқын соққысын Самат Отарбаев қайтара алмады. Бірақ қонақтардың қуанышы ұзаққа созылмады. 44-минутта бас төреші  «Тараз» қақпасына пенальти белгілеп, оны Самат Смақов сәтті орындады. Мұнымен біткен жоқ, ақтөбеліктер 45-минутта Дидар Жалмұқанның көмегімен есепте алға шықты.

Бірақ екінші таймда басымдық «Тараз» ойыншыларында болды. 49-минутта Малик Мане есепті 2:2-ге жеткізді. Ойынның бітуіне көп уақыт болғанына қарамастан, тоблодағы көрсеткіш өзгермеді.

Осылайша, «Ақтөбе» үздік үштікке кіретін мүмкіндікті пайдалана алмады. Юрий Өткелбаев шәкірттерінің еншісінде 19 ұпай бар, команда алтыншы орынға түсіп қалды.  Ал «Тараз» 6 ұпаймен соңғы орында келеді.

«Ақтөбе» - «Тараз» 2:2 (2:1)

Голдар: 0:1 – Евстигнеев 38, 1:1 – Смақов пенальтиден 44, 2:1 – Жалмұқан 45, 2:2 – Мане 49