Қазақстан Премьер-Лигасының 12-ші туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» көкшелік «Оқжетпестің» тас-талқанын шығарды.
Алаң иелері алғаш болып есепті 28-ші минутта ашты. Гол авторы: Андрей Аршавин. Екінші таймда Аршавин екінші голын соқты. Бұдан кейін Бауыржан Исламхан мен Жерар Гоу қос-қостан гол соғып, «Оқжетпесті» тас-талқан етті.
«Қайрат»: Плотников, Тесак, Маркович, Рудосельский, Қуантаев, Аршавин (Дарабаев 57), Бакаев, Исламхан, Қуат (Лунин 72), Исаэл (Ли 83), Гоу.
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов (Молдақараев 59), Нейн (Ристович 70), Волков, Куксин, Мангуткин, Чичулин, Юрин, Хайруллин (Нганбе 59), Бөлешев
Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Әлібек Әубәкіров (Астана), Андрей Козлов (Ақтау).
Ескертулер: Аршавин 34, Исламхан 41 – Стаменкович 67, Юрин 77, Куксин 81
21 мамыр. Алматы. "Орталық" стадион
Комментарии