Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Атырау» қостанайлық «Тобылға» қонаққа барып, үш ұпай еншіледі.

Ойынның 9-минутта қорғаушы Александр Дамчевскидің алыстан бағыттаған соққысын Александр Петухов тоқтата алмады – 1:0. Бұл есеп ұзақ уақыт бойы тоблода сақталып тұрды. Тек 69-минутта ғана Нұрбол Жұмасқалиев таразы басын теңестіріп, алаң иелерінің жағдайын жақсартқандай болған. Әйтсе де, «мұнайшылар» жеңіс голын соғып кетті. 83-минутта Александр Макась атыраулықтарға үш ұпай алып келді.

Осылайша, «Тобыл» мен «Атыраудың» орны ауысты. Атыраулықтар 13 ұпаймен жетінші орынға көтерілсе, 12 ұпайы бар қостанайлықтар сегізінші орынға түсті.

«Тобыл» - «Атырау» 1:2 (1:0)

Голдар: 0:1 – Дамчевски, 1:1 – Жұмасқалиев, 1:2 – Макась 83