«Оқжетпестің» ойыншылары Жақып Қожамберді мен Жасұлан Молдақараев Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды көкшетаулық клубтың ресми сайты.  

2018-ші жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне дайындық барысында Қазақстан құрамасы маусымның 3-і мен 8-і аралығында Қытайдың Далянь қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Маусымның 7-і, ОЖЖ барысында, Талғат Байсұфиновтың командасы Қытай құрамасымен күш сынасады. 

Қожамберді Ұлттық құрамасы сабында екі кездесу өткізсе, Молдақараев үшін бұл алғашқы шақырту. 

Биылғы маусымда, Жақып ҚПЛ-дің 11 матчына қатысты, ал Молдақараев 11 кездесуде үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.