Британиялық BT Sport арнасының сайтында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша, қазақстандық футболшы биылғы маусымның ең үздік голын соқты.  

Исламхан соққан голдан өзге тізімде мына футболшылардың голы болды: Мохаммед Эль-Ненни («Базель»), Хосе Кальехон («Наполи»), Ариц Адурис («Атлетик» Бильбао), Филиппе Коутиньо («Ливерпуль»).

Еуропа лигасының финалындағы «Ливерпуль»-«Севилья» кездесуінен кейін британиялық сайт сауалнаманың қорытындысын жариялады: «Қайраттың» капитаны 86% дауыс жинады, Филиппе Коутиньо (7%) және Ариц Адурис (3%).