«Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Айсұлтан Назарбаевтың футболға қатысты көзқарасы туралы пікірін білдіріп, оның басты мәселесі не екенін айтты.

– Сіздің туысыңыз Айсұлтан Назарбаев отандық футболдың даму жолдарын іздеп жүр. Оның пікірлеріне қалай қарайсыз?

– Біз екеуіміз осы тақырыпта сөйлескенбіз – дұрыс па, жоқ па, бірақ пікір онікі. Мысалы, оның Астана әкіміне айтқан сөздері. Маған мұның бәрін өзі жасап жүргені ұнайды.

Біз Нұрсұлтан Әбішұлымен кездескенбіз – ол да Айсұлтан туралы сұрады. Мен оған ешкімнің нұсқау көрсетпейтінін, бәрін өзі істейтінін айттым. Айсұлтан футболдың не екенін түсінеді. Оның мәселесі тегінде деп ойлаймын. Оның тегі басқаша болғанда, жазбалары мұнша көп талқыланбас еді. Біз бәріміз Назарбаевтың не жазғанына көңіл бөлеміз.