Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) президенті Маурисио Сүлейман мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жегінің болатынына сенімді екенін айтты.  

«Бұл жекпе-жектің болатынына сенімдімін. Қос боксшы бір-бірімен жұдырықтасқысы келетінін білдірді. Барша бокс жанкүйерлері бұл кездесуді асыға күтуде. Альварес-Головкин жекпе-жегі міндетті түрді ұйымдастырылады», - деді Сүлейман LA Times басылымына.