Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының алдағы жоспары жайлы айтып берді.

«Головкин сияқты орта салмақ дәрежесінде ешкім үздік болған емес. Бокс тарихында мұндай боксшыны есіме түсіре алмаймын», - деп бастады Абель. 

«Егерде Головкин келесі кездесуінде Альвареспен жұдырықтаспаса, онда ол Дэниэл Джейкобспен төбелеседі. Геннадийге лайық қарсылас табу өте қиын. Біз ешқашанда «Канеломен» жекпе-жекті аңсаған емеспіз, бізге керегі оның WBC белбеуі. Ол Генаның төртінші чемпиондық титулы болмақ. Головкин орта салмақ дәрежесіндегі барлық белбеуді жинағысы келеді», - деп қорытындылады мексикалық маман.