Қазақстандық спортшы Геннадий Головкин үздік ондықта Андре Уорд пен Сауль Альваресті басып озды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
 
The Ring  журналы барлық салмақтағы мықты боксшылардың рейтингін жаңартты. WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) тізімдегі үшінші орнын сақтап қалды.
 
Үздік ондық құрамы үлкен өзгеріске ұшыраған жоқ. Көш басында WBC тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, никарагуалық боксшы Роман Гонсалес тұр. Одан кейінгі орында – IBF/WBA/WBО тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік боксшы Сергей Ковалев.
Сондай-ақ, The Ring нұсқасы бойынша P4P рейтингінің бірінші ондығына кіргендер қатары төмендегідей:
4. Андре Уорд
 
5. Гильермо Ригондо
 
6. Теренс Кроуфорд
 
7. Сауль Альварес
 
8. Синсукэ Яманака
 
9. Наоя Инуе
 
10. Келл Брук
 
Естеріңізге сала кетсек, Головкин соңғы жекпе-жегін 23 сәуірде Лос-Анджелес қаласында өткізді. Қазақстандық боксшы екінші раундта америкалық спортшы Доминик Уэйдті нокаутпен жеңді.
Болжам бойынша, Головкиннің келесі қарсыласы орта салмақтағы WBC чемпионы, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес болуы мүмкін. Қазір боксшылар жекпе-жек туралы келіссөз жүргізіп жатыр.