Бүгін лига Кеңесінің жиналысында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) президенті Олжас Абраев қызметінен кету туралы арыз жазған.
 
18-ші мамыр, яғни бүгін, ҚКФЛ Қазақстан мен Қытай құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге байланысты Премьер-Лиганың екі турын кейінге шегерту туралы жиналыс өткізді. Басқосуда Олжас Абраев өзінің қызметінен кету туралы арыз жазғанын мәлімдеген. 
 
Айта кетейік, Олжас Абраев қазіргі жұмысына 2015 жылдың тамыз айында сайланған болатын.